РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

27.03.2015

«Алау» мұзайдыны сарайында көпсайыстан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Конькимен жүгіру спортында спринтерлік және классикалық көпсайыс, шағын көпсайыс, кіші және әйелдер көпсайыстары бар. Қашықтықтар комбинациясы 500, 1000, 1500 және 5000 метр.

Қазақстандық спортшылар көпсайыстан ел біріншілігін маусымның соңында өткізеді. Еліміздегі үздік стайер Дмитрий Бабенко маусымды мерзімінен бұрын аяқтады. Жарыс қорытындысы әйелдер арасында 3000 метр, ерлер арасында 5000 метр қашықтыққа жүгіруде анықталды.

Төрт қашықтықтың жалпы нәтижесі бойынша әйелдер арасында Елена Урванцева (Петропавл) көпсайыс жеңімпазы атанды. Хромтаулық Мария Сизова 2-орынды иеленді. 3-орында қарағандылық Алена Стапсова.

Ерлер арасында алматылық Максим Баклашкин чемпионат жеңімпазы атанса, 2-орынды елордалық спортшы Дмитрий Морозов алды. 3-орын қарағандылық Станислав Палкинге бұйырды.

Ертең «Алау» мұзайдыны сарайында 2014-2015 жж. маусымдағы ресми жарыстар бағдарламасын жабатын төртінші кәсіби «Alau Ice Marathon» өтеді.

http://astana.gov.kz

Партнеры

http://glass-house.kz/http://www.alau.info/