РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

Қазақстандық конькишілер қысқы маусымды аяқтады

30.03.2015

Жылдың соңғы сайысы «Алауда» өтіп, спортшылар ел кубогын сарапқа салды. 60 айналымнан тұратын марафонға 20 конькиші қатысты.

Бұл сайыс биылдан бастап әлем чемпионатының бағдарламасына кірді. Көрерменді қызықтыратын сын – ұзақ қашықтықтағы бәсекелер. 

Сондықтан мамандар марафонды ресми жарыстар қатарына қосуды жоспарлап отыр. Келер жылдан бастап марафоннан ел кубогы жолындағы біріншілік өтеді. Конькидегі аламанда Федор Андреев жеңіске жетті. Шорт-тректен Азия ойындарының қола жүлдегері атанған спортшы биылдан бастап, конькиге ауысыпты. Жаппай сырғанау шорт-трек шеберлерінің оң жамбасына келеді. Қораптың ішінде шыңдалған Андреев мас-стартта шорт-тректің пайдасы тигенін айтады. 

Источник: http://khabar.kz/kz/news/sportkz/item/18291-60-ajnalymdyk-konki-mausymy-ajaktaldy

Партнеры

http://glass-house.kz/http://www.alau.info/