РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

Қазақстан құрамасының қоржыны тағы 11 лицензиямен толықты

12.12.2017

Американың Солт-Лейк-Сити қаласында Әлем кубогының төртінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды SPORTINFORM САА.

Кубок Олимпиада ойындарына лицензия тарату сериясын аяқтады. Ресми хабарлама бір апта көлемінде жария болады, десе де, қазірдің өзінде қазақстандықтар 9-11 лицензия алып үлгерді.  

Халықаралық маусымның шешуші кезеңінде ұлттық құрама нәтижесін едәуір жақсартып, тағы да қосымша жолдаманы қоржынға салды.

Америкада Екатерина Айдова «Б» тобында 1000 және 500 метрден екі күміс медаль иеленді. Ал, Роман Креч 500 метрлік дистанциядан тиісті нәтижеге қол жеткізіп, Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алып отыр.

Әлем кубогындегі ең үлкен және ешкім күтпеген нәтижені Федор Мезенцев орнатты. Алматылық спортшы 3 бірдей қашықтықта (500, 1000 және 1500 метр) бағын сынады. Ол әр бағытта 2013 жылдан бері жаңармаған рекордты орнатты. Маусымның басында Мезенцевті ешкім  фавориттер қатарына қоспаған еді. Әйтсе де, ол жалғыз өзі бірден 3 Олимпиада лицензиясына қол жеткізді.

Көрсеткіштер көз қуантады, алайда арқаны кеңге салатын кез әлі туған жоқ. Жоғары жетістіктерге жету үшін біздің спортшыларға талмай еңбектену керек.

sport.inform.kz

Партнеры

http://glass-house.kz/http://www.alau.info/