РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

Эстафета біздің спортшыларға жаңа мүмкіндік сыйлайды

25.07.2018

Шорт-тректен аралас эстафета Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді. ХОК 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарының қатарына шорт-тректен жаңа қашықтықтың енетінін хабарлаған болатын.

Халықаралық конькимен жүгіру федерациясының (ISU) президенті Ян Дайкема да мұны растап, биылғы Әлем Кубоктарының кезеңінде аралас эстафетадан жүлде таратылатынын мәлімдеді. Осы орайда, Olympic.kz шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері Мәдіғали Қарсыбековтің пікірін білген еді. 

«Аралас эстафетаның Олимпиада бағдарламасына енгені қуантады. Яғни, спортшыларымыздың тағы бір жүлде алатын мүмкіндігі туып тұр. Әлем кубогінің биылғы кезеңдерінен бастап шорт-трекшілер 2000 метрге аралас эстафета арқылы жарысады. Бұл сынға біздің шорт-трекшілер тез бой үйретеді деп ойлаймын. Ерлер арасынан кез келген спортшымызды қоса аламыз, ал қыздардан Анастасия Крестова мен Ким Йонг А қатысады», - дейді бас бапкер Қарсығали Мәдібеков. 

Бұл күндері шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей астанасы Мәскеуде жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. 6 тамызда құраманың Италиядағы жиындары басталады. 

«Бүгінде ұлттық құрама спортшылары Ресей шорт-трекшілерімен жаттығып жатыр. Біз бұған дейінгі маусымдарда голландиялықтармен бірлескен жиын өткізетін едік. Бұл жолы жоспарымызда көптеген өзгерістер орын алды. Ресей мен Қазақстан спортшылары спаррингтік бәсекелер өткізуде. Одан бөлек, жалпы дене жаттығуына көңіл бөлудеміз», - деді бас жаттықтырушы. 

Мәскеудегі оқу-жаттығу жиындарына ұлттық құраманың тісқаққан спортшыларынан бөлек, жаңа есімдер де қосылған. 

«Қазір бізбен бірге Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Мирсаид Жақсыбаев сынды жастар жаттығуда. Одан бөлек, Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Жақсыбаев сынды спортшыларымыз бар. Қыздардан Мадина Жамбосынова, Әсел Ташманова, Анастасия Крестовалар қатарда. Өкінішке қарай, жарақатына байланысты Ким Йонг А жиынға келе алмады», - деді М. Қарсыбеков. 

Мәдіғали Қарсыбековтің айтуынша, шорт-трекшілер үшін биылғы маусым 2 қараша күні Канаданың Калгари қаласында басталады. Мұнда Әлем Кубогінің алғашқы кезеңі өтеді. Содан соң, ұлттық құрама Әлем Кубогінің екінші кезеңіне қатысу үшін АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласына аттанбақ.

http://olympic.kz/

Партнеры

http://glass-house.kz/www.erg.kzwww.olympic.kz