РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУШІЛЕР ШОРТ-ТРЕКТЕН ЖАҢА МҮМКІНДІК ІЗДЕУДЕ

31.07.2018

Қазақстандық конькимен жүгірушілер Астанада төртінші әрі соңғы жазғы оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Соңғы жаттығу кезеңі шорт-трекке арналған болатын. Жаттығудағы мұндай әдіс алғаш рет қолданылып отыр. 

Конькимен жүгіруге арналған 400 метрлік жолақ елімізде қыркүйекке дейін табылмайды. Сол себепті, бапкерлер кеңесі жаттығуды «қысқа жолақта» өткізуді жөн деп тарты. Шорт-трек – үлкен мұз айдынының баламасы ғана емес, жаңа тәжірибе жинауға берілген мүмкіндік. Конькимен жүгірушілер шорт-трекшілер секілді айналым жасау әдістерін үйренді. Бұл әсіресе масс-старт қатысушылары үшін маңызды.

«Конькимен жүгіру спорты соңғы уақытта қатты өзгеріске ұшырады. Жылдамдық артты, сол себепті дайындық әдістемесін де жаңарту керек. Оның ішінде шорт-трек те бар. Біз шорт-тректегі бапкерлермен бірге жиын өткізген едік. Бұрын жаттығудың мұндай әдісі қолданылған жоқ, бірақ кеш болса қолға алғанымыз дұрыс болды. Бізде жас спортшыларға осыны түсіндіріп, қолдан шығып кеткен мүмкіндіктерді қайтаруға, Олимпиада ойындарында өзімізді жақсы көрсетуге жететін 4 жыл уақыт бар», - дейді ұлттық құраманың бас бапкері Дмитрий Бабенко. 

«Қысқа жолақтағы» жаттығу конькимен жүгіру спортындағы масс-старт сайысына жақын. Мұз айдынында бір топ спортшы бар, ал бұрылыста кіші радиуста жоғары жылдамдықпен айналу керек. Жаңартылған жаттығу кезеңіне қатысатын спортшылар саны екі есеге көбейді, яғни, жас спортшылар да шақырту алды. Бапкерлер кеңесінің жаңа маусымға қойған басты жоспары – мейілінше көптеген қашықтықтарда сынға түсу. Оның ішінде, командалық жарыс, командалық спринт пен масс-старт бар.

Бұл тәжірибе Екатерина Айдоваға жат емес. Өйткені, ол спорттық мансабын тап осы шорт-тректен бастап, спорт шебері атағын алған еді. 

 - Шорт-тректен менің спорттық жолым басталды. Жаңа бір тәжірибемен танысқаныма қуаныштымын. Шорт-трек біз үшін жаз ортасында-ақ мұз айдынға шығу дегенді білдіреді. Психологиялық тұрғыдан дайындалуға көмектеседі. Ролик, велосипед пен құрғақта өтетін жаттығулар керемет, бірақ біз үшін мұз маңызды, - дейді Айдова. 

5 тамыз күні ұлттық құрама Беларусьқа аттанып, «Минск-Аренада» толыққанды жаттығу жұмыстарын өткізеді. 

http://olympic.kz/

Партнеры

http://glass-house.kz/www.erg.kzwww.olympic.kz