РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Минскіде оқу-жаттығу жиынын бастады

07.08.2018

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Минскіде оқу-жаттығу жиындарын бастады. Команданың бас бапкері Дмитрий Бабенконың айтуынша, жиыннан соң спортшылар Белоруссияның ашық Кубогінде бақ сынайды.

«Бұл осы маусымда мұз айдынға алғаш рет жиналуымыз және соңғы сегіз жылдан бері мұндай үлкен құрам болмаған», - дейді Бабенко. 

«Біз Белоруссияның ашық Кубогінде бақ сынауды жоспарлап отырмыз. Басты мақсат – үлкен мұз айдынында айналу техникаларын жетілдіру. Біз мұндай жаттығуды Астанадағы шорт-тректе де жасаған едік. Мұндағы спортшылардың басым бөлігі үшін жаттығу бірінші рет өтіп жатын. Мәселен, сол шорт-трек, ролик пен еліктеу тақталары қазіргі кезеңде өте маңызды. Әсіресе, жас спортшылар үшін керек». 

Бас бапкердің айтуынша, командада психологиялық тұрғыдан қиындықтар туындайды. Бұл алдағы жылдарда реттелетін нәрсе. 

«Болашақта жақсы нәтиже көрсетуге септігін тигізетін физикалық және техникалық базаның негізін қалау керек». 

http://olympic.kz

Партнеры

http://glass-house.kz/www.erg.kzwww.olympic.kz