РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

Маусымның жарты бөлігі артта қалды

10.12.2013

Берлинде коньки тебу спортынан Әлем Кубогының төртінші кезеңі аяқталды, әрі мұнда ұлттық құрама да биылғы жылғы халықатарлық жарыстарға қатысуын аяқтадыАлдыда аздаған үзіліс, кейіннен команда Кипрге веложиынға аттанады.  Кейіннен команда Астанаға қайтып оралады, мұнда Жаңа жыл қарсаңында спринтерлік көпсайыстан Қазақстан чемпионаты өтедіКейін Мәскеу түбіндегі Коломна, олимпиада алдындағы маусым, беімделуАл, сосын – Сочи Олимпиадасы.

Қазақстан командасының демалысқа жақсы көңіл күймен аттануына болады.Бұл маусымдағы басты тапсырмалар орындалды – көшбасшылар сенім үдесінен шыға біліп, Олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жолдама иеленгендер саны – алтау.   

Канада мен Америкада өткен бастапқы екі Кубокта спортшылар ел рекордтары жаңартты. Әрі көшбасшылардың жаңа ұрпағы 1500 метрге жүгіруде алты жыл бойы мұрты бұзылмай тұрған рекордты бұзып, рекордтар тізбесіне енгізілді. Айдова мен Кузинның орта қашықтықтағы жетістіктері коньки тебу спортының бүгінгі бет алысын айқындайды.  

Бір жыл бұрынАйдова менКузин 1500 метрге жүгіруде қиынсынса, ал бүгінде олар бұл сында әлемдік деңгейдегі нәтижені көрсетеді. Алайда, бұл олар  1000 метрлік сынға шыдамдылықтарын арттырып және нәтижелерін жақсарту үшін арнайы 1500 метрлік сында өз бақтарын сынайды.

- Егер негізгі қарсыластарымен салыстырып айтатын болсақ, мүмкін Екатеринаға физикалық жағынан күш жетіспейтін шығар. Дегенмен бұл жеткілікті жаттықпайды дегенді білдірмейді. Әркімнің өзіндік ерекшелігі бар, біреу физикамен алса, енді біреуі техникамен алады.  Катя техника арқылы жетістіктерге қол жеткізетін спортшылардың қатарынан. Айдова әйелдер арасында әлемдегі ең техникалық коньки тебуші болып саналады. Ол өзінің қайсарлық мінезін танытып, керек кезде жылдамдықты арттыра да алады. Бұл маңызды, себебі бір жыл бойы дайындалған спортшылар кейде психологиялық мәселелерге байланысты өзін көрсете алмай қалады, - дейді құраманың бас бапкері Вадим Саютин.

Бұл маусымдағы Кузинның нәтижелері де қуантады. Бастапқы төрт Кубоктың нәтижесі бойынша Денис 1000 метрлік сынның әлемдік кестесінде 3-орынға табан тіреп тұр. Әрине, әлем чемпионынан Кубоктарда алтын жүлдені иеленеді деп күтті, алайда олай болмай шықты. Бұл да түсінікті, себебі спортшы негізгі басымдығын Олимпиада ойындарына сақтауда.

- Олимпиада ойындарынан өту еш қиын емес, дегенмен қарсыластарыңды да бағаламауға болмайды. Сочи туралы уақытынан бұрын да ойлауға болмайды  – себебі сайысқа дейін психологиялық тұрғыд сынып қаласың. Алайда, үнемі жақын күндері өтетін сайысқа дайындалу керек – дейді Денис Кузин.

Роман Кречтың жарақатынан айығып, айдынға қайта оралуы да – бұл маусымдағы жетістіктердің бірі деп айтуға болады. Әрі қарай не болатынын болжап айту қиын, дегенмен петропавлдік бар күш-жігерін салып, тырысуда.  

Біздің спортшыларымыздың үнемі беделді дивизионда өнер көрсетуінің өзі үлкен жетістік.  Қазіргідей барлық назар Сочи ойындарының дайындығына ауған уақытта бапкерлер құрамының өзге сайыстарға кімдерді жіберетіндігінің өзі қызықты. Әлем Кубоктарымен қатар, бұл маусымда спринтерлік және классикалық көпсайыстан Әлем чемпионаты, Азия чемпионаты, жасөспірімдер арасындағы әлем Кубоктары өткізіледі.  

- Бізде Астанада әлемдік жоғары деңгейдегі мұз сарайы. Қазіргі заманға сай жағдайларға байланысты бізде өзгеше жүйелік деңгей бойынша дайындалу мүмкіндігі ие болды.  Бұл Қазақстан құрамсы үшін босалқы дайындама. Және осы себептердің бірінен де біз бүгінгі жетістіктерімізге қол жеткізіп отырмыз.  Бұл  Денис Кузинның әлем чемпионатындағы алтын жүлдесі және Әлем Кубоктарындағы жоғарғы орындар, - дейді Вадим Саютин.

Маусым соңына дейін ештеңе өзгере қоймас. Олимпиада алдында ешкімнің де ерекше нәтиже көрсеткісі келмейтіні анық. Дегенмен команда алға қарай қадымдап, дамып келеді. Тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізіп, белдерін бекем буып, Олимпиадада топ жаруды көздейді. Әрі маусымның қалған бөлігі де қызықты өтеді. Алда үлкен жарыстар баршылық. Командадан жүлде күтуде. Бапкерлер мен спортшылар бұл қысымды қалай көтеретігін алдағы уақытта білетін боламыз.

Әлем Кубогының төрт кезеңдерінде үздік нәтиже тіркегендер:

500м
Екатерина Айдова – 13 орын.
Роман Креч – 28 орын.

1000м
Екатерина Айдова -
Денис Кузин – 3 орын

1500м
Екатерина Айдова - 13
Денис Кузин – 9 орын

5 000м
Дмитрий Бабенко – 18 орын

10 000м
Дмитрий Бабенко – 18 орын

Партнеры

http://glass-house.kz/www.olympic.kz