РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

Айдова әлем чемпионатына қатысады

16.01.2015

Ақпан айының аяғында Елордадағы «Алау» мұз сарайында конькиден спринтерлік көпсайыс бойынша әлем чемпионаты өтетіні белгілі.  

Дүниежүзілік жарысқа дайындықты бастаған ұлттық құрама спортшылары Астанада бас қосып, оқу-жаттығу жиындарын пысықтауда. Елімізде тұңғыш рет жалауы желбірейтін жарысқа нәзік жандылардан жалғыз Екатерина Айдова қатысады. Жігіттермен бірге жаттығып жүрген Катя Астанадағы әлем чемпионатының негізгі бет-бейнесіне айналды.

Биыл Айдова үшін жаңа маусым табысты басталды. Әлем кубогы кезеңдерінде 500 метрлікте үздік бестіктен орын алған конькишінің енді медальдан үміті зор. Сочи Олимпиадасында шеберлігін шыңдаған Айдоваға ел ішінде бәсекелес жоқ. Сондықтан бапкерлер қарағандылық спортшыны жігіттермен бірге жаттықтыруда.

«Әлем чемпионатында жүлде алу қолдан келетін секілді», - дейді Айдованың өзі.

Источник: http://khabar.kz/kz/zha-aly-tar-50/sport/item/10601-ajdova-lem-chempionatyna-atysady
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz

Партнеры

http://glass-house.kz/www.olympic.kz