РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

Абзал Ажғалиев Олимпиадада Қазақстанның туын ұстап шығады

10.01.2018

Ұттық Олимпиада Комитеті мен ҚР мәдениет және спорт Министрлігі Пхенчханда өтетін қысқа Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында көк туымызды көтеретін спортшыны тағайындады.

Бір айдан кейін басталатын қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында еліміздің туын шорт-трекші Абзал Ажғалиев ұстап шығады. Сондай-ақ, ол Пхенчханда ұлттық олимпиада құрамасының капитаны болады.

Қазіргі таңда, Абзал Голландия елінде Олимпиадаға дайындалуда.

«Бүгін Олимпиада ойындарында Қазақстанның туын ұстап шығатынымды білдім. Бұл мен үшін өте таңғаларлық жаңалық болды. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Көк туды көтеру құрметі бұйырғанына өте қуаныштымын. Ұлттық Олимпиада комитетіне алғыс айтқым келеді. Барша қазақстандықтардың үмітін ақтауға тырысамын» - деді Абзал Ажғалиев.

http://olympic.kz

Партнеры

http://glass-house.kz/http://www.alau.info/