РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

Бүгінгі таңда білікті медициналық мамандарсыз үлкен спортта жеңіс жету мүмкін емес. Осыған орай, Ұлттық Олимпиадалық комитет 67 олимпиадалық спорт түріндегі ұлттық құрама командаларын оқу-жаттығу жиындары мен халықаралық жарыстар кезінде медициналық мамандардың қызметімен қамтамасыз ету жобасын бастайды.
Спортшыларға көмектесетін медициналық кешенді ғылыми топ құрамына бірнеше мамандар енген. Олар: спорттық дәрігер, қолмен емдейтін терапевт, диетолог, психолог, биохимик, биомеханик және массажшы. Мұндай кешенді топтардың негізгі мақсаты:

  • Спортшылардың нәтижелілігі мен физикалық жұмысқа қабілеттілігін арттыруға әкелетін емдеу мен қалыпқа келтіру процесіндегі диагностика әдістерін жасақтап, жетілдіріп, қолданысқа енгізу;
  • Спортшылар дайындығының өлшемдеріне сараптама жасап, өлшемдерді түзету;
  • Әдістемелер мен технологиялық дайындықты жетілдіру мақсатында спортшыларға ғылыми-методикалық және медико-биологиялық зерттеулер жасау;
  • Спортшыларды кешенді және медициналық тексерістен өткізу;
  • Спортшыларды биохимиялық, биомеханикалық және тексерудің басқа да түрлерінен өткізу;

Қазіргі таңда ҚР ҰОК ұлттық құрама командаларды медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін 120-дан аса мамандарды жұмысқа тартты. Олар бокс, таеквондо, көгалдағы хоккей, көркем және спорттық гимнастика, байдарка мен каноэде ескек есу, шорт-трек, әйелдер, еркін және грем-рим күресі, дзюдо, сонымен қатар басқа спорт түрлеріндегі оқу-жаттығу жиындары медициналық қызмет көмегімен өтеді.
ҚР ҰОК кешенді ғылыми топтардың қызметін сараптауды спорттық медицина және антидопинг Департаменті атқарады. ҚР ұлттық құрама спортшыларын медико-биологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесі бойынша ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің спорттық медицина және антидопинг Департаментіне хабарласыңыздар.

Партнеры

kaznadc.kzclean-sporthttp://glass-house.kz/www.olympic.kz