РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаев абзал әжіғалиевке қолдау жеделхатын жолдады

16.02.2022

Президент «Бейжің-2022» XXIV қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Абзал Әжіғалиевті қолдап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz. 

- Қазақстандықтар өзіңнің «Бейжің-2022» XXIV қысқы Олимпиада ойындарында көрсеткен өнеріңді асқан қызығушылықпен тамашалады. Олимпиаданың ашылу салтанатында көк туды желбіретіп алып шықтың. Өз жанкүйерлеріңнің сенімін ақтап, шорт-тректен 500 метрге жүгіруде финалдық бәсекеге дейін жетіп, нәтижесінде 4-орын иелендің. Бұл осы спорт саласы бойынша жоғары көрсеткіш екені анық, – делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыға дүбірлі додада нағыз ерік-жігер көрсеткені және жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ оның алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетіп, отандастарымызды қуанта беретініне сенім білдірді.

Партнеры

kaznadc.kzclean-sporthttp://glass-house.kz/https://sportqory.kz/https://medeu.kz/