РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

Морозова велоспорттан Қазақстан чемпионатында бақ сынайды

22.06.2022

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасының мүшесі, әлем кубогі кезеңінің жүлдегері Надежда Морозова велоспорттан ел біріншілігінде бақ сынамақшы. Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz тілшісі.

«Конькишілер өте әмбебап спортшылар. Біз жүгірумен де, велоспортпен де, зілтемір көтерумен де айналысамыз. Конькимен жүгіру маусымы аса ұзақ емес. Қыркүйекте басталып, қыс аяқталған соң тоқтайды. Осы аралықта біз велоспортпен шұғылданамыз. Тіпт, біз велоспортпен он екі ай бойы айналысамыз десем, артық емес. Егер жақсы дайындалсаң, конькиден де, велоспорттан да жарысқа қатысуға болады», – дейді спортшы.

Морозова велоспорттан Қазақстан біріншілігінде 22 маусым күні сынға түседі.

«Жекелей сын бақ сынап көрмекпін. Бұл мен үшін керемет жаттығу болатыны сөзсіз. Жүлделі орын алып кетуім де мүмкін. Бәрі де мүмкін. Бірақ осы жарыс аяқталған бойда өзімнің жаттығу жиыныма кірісемін. Яғни, бұл бәсеке менің маусым алдындағы дайындығыма көмектеседі. Қазір мені конькимен жүгіруден құраманың бас бапкері жаттықтыруда. Алдағы маусымға дейін күш жинаудамыз. Жоспар бойынша әлем кубоктері мен әлем чемпионатына қатысамыз», – деді Надежда.

Надежда Морозова конькимен жүгіруден Қазақстан командасының мүшесі. Ол Бейжің Олимпиадасына қатысып, масс-старттан финалда өнер көрсетті.

bassport.kz

Партнеры

kaznadc.kzclean-sporthttp://glass-house.kz/https://sportqory.kz/https://medeu.kz/