Шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Абзал Ажгалиев Солт-Лейк-Ситиде өтіп жатқан әлем Кубогының күміс жүлдесін жеңіп алды.
Ол 500 метр қашықтықты екінші болып жүріп өтті. Финалда көрсеткен уақыты 41.054.
Бірінші орын Максим Лоунға (Канада) тиесілі – 40.946.
Үшінші орынды кореялық Джун-Су Ли иеленді, оның көрсеткіші – 41.350.