Абзал Әжіғалиев әлем Кубогінің күміс жүлдегері атанды

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Абзал Ажгалиев Солт-Лейк-Ситиде өтіп жатқан әлем Кубогының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Ол 500 метр қашықтықты екінші болып жүріп өтті. Финалда көрсеткен уақыты 41.054.

Бірінші орын Максим Лоунға (Канада) тиесілі – 40.946.

Үшінші орынды кореялық Джун-Су Ли иеленді, оның көрсеткіші – 41.350.

Leave a comment